Политика возврата средств
Айырбастау және қайтару шарттары Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына (14, 15, 17 және 30-баптар) сәйкес келеді.
Сапасы тиісті аяқ киімді айырбастау және қайтару
- Аяқ киім өлшемі, пішіні, фасоны немесе түсі бойынша келмесе, оны тапсырысты алған күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде айырбастауға болады.
- Аяқ киім пайдаланылмаған болуы керек: тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, жапсырмалары мен белгілері, қорабы, сондай-ақ сатып алуды растайтын құжат (чек немесе тапсырыс нөмірі) сақталуы тиіс. Чек жоғалса, сатып алуды бізден басқа тәсілмен растасаңыз, айырбастау мүмкін.
- Аяқ киімді үйде таза бетте киіп көріңіз — сонда ол тауарлық түрін сақтайды. Айырбастағыңыз келетін жұпты көшеге кимеңіз.
- Сол модельдің басқа өлшеміне немесе түсіне, не келісім бойынша басқа модельге айырбастауға болады — баға өзгеше болса, қайта есептеледі.
- Айырбастауға лайық жұп болмаса, аяқ киімді қайтарып, төленген соманы алуға құқығыңыз бар.
Ақау анықталса
Сату кезінде ескертілмеген ақау анықталса, өз таңдауыңыз бойынша мыналарды талап етуге құқығыңыз бар:
- дәл осындай жұпқа (сол модель мен артикулға) ауыстыру;
- бағасын қайта есептей отырып, басқа модельге ауыстыру;
- бағаны мөлшерлес азайту;
- ақауды тегін жою немесе оны жоюға кеткен шығындарыңызды өтеу;
- төленген соманы қайтару.
- Ақауларға қатысты талаптар кепілдік мерзімі ішінде, ал ол белгіленбесе — аяқ киімді алған күннен бастап екі жыл ішінде қабылданады.
- Ауыстыруды бірден жүргіземіз, ал сапаны тексеру (сараптама) қажет болса — өтініш берілген сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде. Қажетті жұп болмаса — 10 күнтізбелік күн ішінде.
- Ақауларды жою — 10 күнтізбелік күн ішінде (келісім бойынша — 20 күннен аспайды).
- Сапаны тексеруді біз төлейміз. Сіз оған жеке өзіңіз немесе өкіліңіз арқылы қатыса аласыз. Тексеру ақау аяқ киімді алғаннан кейін кию, сақтау немесе күтім ережелерін бұзу салдарынан пайда болғанын көрсетсе, тексеру мен жеткізу шығындарын сатып алушы өтейді.
Айырбастауды немесе қайтаруды қалай рәсімдеуге болады
- Бізбен телефон немесе WhatsApp арқылы байланысыңыз: +7 777 942 00 44. Тапсырыс нөмірін және не істегіңіз келетінін айтыңыз.
- Аяқ киімді дүкендеріміздің біріне әкеліңіз немесе жіберіңіз — жіберу мекенжайын менеджер айтады.
- Ақшаны аяқ киім мен өтінішіңізді алғаннан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде төлем жасалған тәсілмен қайтарамыз.
Айырбастау және қайтару кезіндегі жеткізу
- Сапасы тиісті аяқ киім: айырбастау немесе қайтару кезіндегі жеткізуді сатып алушы төлейді — «Жеткізу» бетіндегі тарифтер бойынша.
- Ақау немесе тапсырыстағы біздің қателігіміз: жеткізудің барлық шығындарын біз көтереміз.
Келісімге келу мүмкін болмаса
Сіз Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне (байланыс деректері — ресми сайтта), тұтынушылық дауларды сотқа дейін реттеу субъектілеріне немесе сотқа жүгінуге құқылысыз.
Біздің дүкендер
Алматы — Қаныш Сәтбаев к-сі, 90/21, «Ривьера Парк» СҮ, 9а бутик, 1-қабат. Күн сайын 10:00–20:00.
Астана — Фариза Оңғарсынова к-сі, 8, «Бестерек-2» ТК. Күн сайын 10:00–19:00.
Телефон және WhatsApp: +7 777 942 00 44
